Алматыда Уәлиханов көшесінің бір бөлігі үш айға жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Шоқан Уәлиханов көшесінің бір бөлігі үш айға жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 мамыр мен 31 тамыз аралығында Ш. Уәлиханов көшесінің М. Мәметова мен Әлімжанов көшелері аралығында көлік қозғалысы шектеледі.

Енгізілетін шектеулер осы көшедегі жерасты магистральды құбырын жоспарлы жөндеу қажеттігімен байланысты.

«Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады»,- делінген хабарламада.

«Алматы жылу жүйесі» компаниясының өкілдері мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өту бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар