Алматыда Уәлиханов бульвары қайта жаңғыртылып, жаңа келбетке енді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының тарихи орталығында орналасқан Уәлиханов бульвары жаңа келбетке енді. Абай көшесінің бойында Қазыбек би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі аралықта орналасқан бульвар қайта жөндеуден өтті, деп хабарлады қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы.

«Бульварға кіретін жерде ұлттық нақышта бедерленген арка жасалды. Қоршау жаңартылып, жаңадан тас төселді. Сыртқы жарықтандыру және автоматты суғару жүйесі жаңартылып, газон отырғызылды. Ғылым ордасы маңындағы аймақ толығымен абаттандырылды», - делінген хабарламада.

59 орындық орнатылып, бірнеше балалар және спорт алаңшасы жасалды. Әсіресе «Корабль» балалар ойын кешені қаланың кішкене тұрғындарының уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Шоқан бульварын жаңғыртуды аяқтау жұмыстары қарашаның аяғына дейін аяқталады.

Соңғы жаңалықтар