Алматыда ТЖД өкілдері құлаған кран жайлы түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары құрылыс компаниясын тексере алмай отыр. Оған жақында жарияланған ШОБ субьектілерін тексеруді тоқтату туралы мораторий қолбайлау болып отырған көрінеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ТЖД ТЖД көтергіш құрылғылармен жұмыс істеуді бақылау бөлімінің бас маманы Дүйсекенов Дәурен айтты. Айта кетейік, бұған дейін біз қаладағы құрылыс нысанында мұнаралық кран құлап, 49 жастағы жұмысшы жараланғанын хабарлаған болатынбыз. «Біздің бұл компанияны тексеруге құқығымыз жоқ. Өйткені, компания ШОБ санатына жатады. Біздің тексеруге шығуымыз үшін компания бізге жазбаша түрде ұсыныс жасауы керек. Әрі кран да компанияның атына тіркелмеген. Олар кранды тіркеп үлгермедік деп отыр», - деді қалалық ТЖД көтергіш құрылғылармен жұмыс істеуді бақылау бөлімінің бас маманы Дүйсекенов Дәурен. Маманның айтуынша, қазіргі таңда адамдардың өміріне қауіп төндіретін заттарды өндірумен немесе тасымалдаумен айналысатын, бірақ ШОБ санатынан жататын кәсіпорындар да тексеруден тыс қалып отыр. «Өте улы заттармен болмаса жанар-жағармаймен жұмыс істейтін кәсіпорындар өзара қауіптілігі жоғары, орташа, төмен деп бөлінеді. Бірінші санаттағы кәсіпорындар жылына 1 рет, екіншісі - 3 жылда бір рет, үшіншісі - 5 жылда бір рет тексеріледі», - деп қорытындылады бас маман.

Соңғы жаңалықтар