Алматыда ТЖД қызметкері көршілерін өрттен құтқарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алатау ауданындағы Атлетикалық ауылда өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, түнгі 1:21 шамасында Алғабас шағын ауданы, 5/4 үйдің екінші қабатындағы пәтер өртке оранған.

Өрт сөндірушілер келгенше сол үйде тұратын ТЖД қызметкері Айдос Нүсіпбаев сырттағы айғай-шуды естіп, көмекке ұмтылған.

Нүсіпбаев дереу өрт сөндірушілерді шақырып, өртенген пәтердің иесі Есбергенованы құтқарған.

Ол 4 көршісімен біріге отырып, 1-қабаттың терезесіне өрмелеп шығып әйелдің терезе арқылы түсуіне көмектескен.

ТЖД қызметкері үйде ешкім қалмағанына көз жеткізген соң өртенген подъезге кіріп тағы да 10 көршісін, оның ішінде 2 баланы қауіпсіз жерге алып шыққан.

Тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыды.

Қызыл жалынды ауыздықтауға 29 адам мен 8 техника жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар