Алматыда ТЖД 5 балалар лагерін есепке алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ТЖД балаларға арналған 5 сауықтыру лагерін есепке алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандар бұл лагерьлерде төтенше жағдай қаупі жоғары деп бағалап отыр. Бұл нысандар жыл сайын сәуір-мамыр айында тексеріледі.

«Өрт сөндіру-техникалық тексеру қорытындысына сәйкес, 2019 жылы өрт қауіпсіздігі бойынша 32 заңбұзушылық тіркелді. Бұл кемшіліктер бойынша ҚР ӘқбК 410-бабы бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 50 мың 500 теңге айыппұл салынды. Аталған 5 нысан бойынша алдын ала ескерту қағазы берілді, 80 қызметкеріне төтенше жағдай болған жағдайда әрекет ету алгоритмі түсіндірілді», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Мамандар балалар лагерін жазғы өрт маусымынан сақтау үшін айналасын қазып, құрғақ шилерден тазартты. Бұл нысандар сел қаупі жоғары аймақта орналаспаған.

Соңғы жаңалықтар