Алматыда түзеу колониясына есірткі заттарын тасымалдау дерегі расталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы түзеу колонияларына есірткі заттары тасымалданатыны анықталды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Жақында прокуратура қызметкерлері мен Алматы қалалық наркологиялық орталығының мамандары ЛА-155/1 (СИ-1), ЛА-155/18 (СИ-18) түзеу мекемелерінде сотталушылар арасында есірткі пайдалану мен есірткі жеткізу дерегі бойынша тексеру жүргізді. Арнайы тестілеуден есірткіге қатысы жоқ қылмыстары үшін сотталғандар өтті.

ЛА-155/18 мекемесінде тексеруден өткен 24 тұлғаның 18-і гашишты тұрақты пайдаланатыны, ЛА-155/1 мекемесінде 40 сотталған тұлғаның 10-ы есірткіге әуес екендігі анықталды.

Қазір Алматы қалалық прокуратурасы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне аталған заң бұзушылықты жоюға ұсыныс әзірлеуде.

Соңғы жаңалықтар