Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынуда
2022 жылғы 30 маусым 10:29

Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Түрксіб ауданында электрмен жабдықтау желілерінің 70%-ы тозған. Салдарынан ауданда желілер жиі үзіліп, жарық сөніп жатады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысының айтуынша, қалаға қосылған «Қайрат», «Әлмерек», «Нұршашқан» шағын аудандарының желілері әбден тозған.

«Мұндағы желілер қуатты Талғар аудандық электр станциясынан алады. Ал, станцияның алыс орналасуы электр энергиясының тұрақты берілуіне де кері әсер етеді. Осы мәселені шешу үшін «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр. Құрылысы 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады», - деді Досаев.

Ол, сондай-ақ, биылғы жылдың соңына дейін «Шуақты» шағын ауданындағы электр желілері жаңартылатынын, ауданның 26 жердегі жалпы ұзындығы 21,1 км желіге реконструкция жұмыстары аяқталатынын жеткізді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT