Алматыда түйткілді мәселесі көп тұрғын үй кешендерінің проблемасы 1 желтоқсанға дейін шешілетін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Елім-ай», «Нұркент», «Премьера» шағын аудандарының проблемасын 1 желтоқсанға дейін шешілетін болды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қоғамдық кеңесінің отырысы барысында айтылды.

Жиын барысында «Елім-ай», «Нұркент», «Премьера» тұрғын үй кешендерінің мәселесі желтоқсан айының 1-іне дейін оң шешімін табатыны жеткізілді.

Қалалық мәслихат депутаты Әміржан Нәбиевтің айтуынша, «Нұркент» шағын ауданы тұрғындарының арызы өте көп.

«Мектеп, аурухана, жол, қоғамдық көлік жоқ. Лифттер жұмыс жасамайды. Есептік шоттардың жоқтығынан халық коммуналдық төлемдерді төлей алмай, босқа берешек болып отыр. Аймақты абаттандыру дұрыс жүргізілмеген», - деді ол.

Тұрғындар болса, үйдің сапасына наразы. Олардың айтуынша, терезелерден жел соғып, жүргізілген сылақ ыдырап жатыр.

«Премьера» тұрғын үйінде де сондай жағдай. Ыстық су жоқ. Автотұрақтар есептелмеген. Үйлердің қасбеті жарылып жатыр.

«Елім-ай» коттедж үйінде де үйлерге көгілдір отын қосылмаған. Суық әрі ыстық су жоқ. Кәріз жүйесі жасалып бітпеген.

Қоғамдық кеңес мүшелері құзырлы органдарға биылғы жылдың соңына дейін аталған келеңсіздіктерді жоюды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар