+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Алматыда «Түйелер» декоративті панносы бастапқы қалпына келтіріледі

2020 жылғы 27 қараша 12:15
Бөлісіңіз:
Алматыда «Түйелер» декоративті панносы бастапқы қалпына келтіріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мүсін авторы, әйгілі суретші-мүсінші Павел Шорохов Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өтінішін қабыл алды. Ол бұзақылардың қолынан зардап шеккен композицияны бастапқы қалпына келтіруді қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында панноның алматылықтар үшін сүйікті сәулет бейнелерінің біріне айналғанын жазды.

«Түйелер» сәнді-бедерлі панносының авторы, мүсінші Павел Шорохов композицияны бастапқы қалпына келтіру туралы өтінішімді мақұлдады. 1982 жылы жасалған панно «Достық» скверінде тұр. Бүгінде ол алматылықтардың сүйікті архитектуралық бейнелерінің біріне айналды», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Алматы әкімі Павел Шорохов Алматының визит карточкасына айналған бірқатар мүсіннің авторы екенін еске салды.

Олар — Арбатта тұрған «Ойындағы балалар», «Фламинго», «Лотос», сондай-ақ Қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы «Акробатка», «Пантера», «Сайқымазақ» және тағы басқа туындылар.

Оның жұмыстары Қазақстан, Ресей, Германия, Австрия, Италия музейлеріне қойылған.

Павел Шороховтың айтуынша, қазір ол сыртқы қабықты қалпына келтіру жұмысымен айналысып жатыр.

«Көріп тұрғандарыңыздай, мыс қабықтың оң және сол жақ шеттері жұлынып қалған. Көп зиян келтірілген. Мыс қабатының шамамен үштен бір бөлігі зақымдалған. Модельдің өзі темірбетонмен құрастырылған», - деп түсіндірді автор.

Сонымен қатар, ол панноны қалпына келтіру қиын екенін, оны жөндеуге шамамен он күн қажет екенін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT