Алматыда тұтынушылардың шағымдарын қабылдайтын бірыңғай жүйе іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Арман Ақсубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, былтыр «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға түзетулердің 1-пакеті қабылданды. Бұл маңызды қадам тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылы механизмін (сатушы - мемлекеттік органдар – сот) іске қосуға және құқық қорғаушылар тізімін қалыптастыруға көмектесті.

«Жаңа тетік сатушының алдына тұтынушылардың шағымдарына жауап беру міндеттемесін, тұтынушының құқықтарын осы жерде және қазір қамтамасыз ету алгоритмін қарастырады. Ол үшін тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы жүйесі енгізілді», - деп Арман Ақсубаев.

Сонымен, бірінші кезеңде сатушы сатып алушының шағымын өз бетінше немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарын тарта отырып қарауға міндетті. Бұл шағымдарды сол жерде және сол уақытта бейбіт жолмен шешуге болатын алғашқы кезең.

«Екінші саты мемлекеттің қосылуын көздейді. Яғни, егер сатушы келіскісі келмесе, шағымды тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе басқа мамандандырылған органға жібереді. Мысалы, егер сатушы таразыны бұрап қойса немесе онлайн дүкен тауарды жібермесе, онда бұл алаяқтық болып саналады және ІІМ органдарының жұмыс саласы болып табылады», - дейді спикер.

Сотқа жүгіну, іс жүзінде, шағымды қараудың соңғы сатысы.

«Осылайша, біз кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдарға бірінші кезекте мемлекеттің қатысуынсыз мәселені шешуге мүмкіндік береміз. Тұтынушыларға, бизнеске және мемлекеттік органдарға ыңғайлы болу үшін шағымдарды қабылдау мен қараудың e-tutynushy.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды», - деп атап өтті ол.

Бүгінгі таңда бұл жүйе жұмыс істейді және бір уақытта сынақтан өтуде, кемшіліктер мен қателер жойылып, жүйенің функционалдығы біртіндеп енгізіледі.

«Тұтынушыға ыңғайлы болу үшін жүйеде даудың нысанасына байланысты шағымдардың бірқатар үлгілік нысандарын орналастыру көзделеді. Сондай-ақ тұтынушы қажет болған жағдайда жүйеде қоса берілген тізбеден өз өкілін таңдап, сотқа дейінгі реттеудің жұмыс істеп тұрған институттарының бірін таңдай алады не шағымды тікелей мемлекеттік органға жібере алады.Бүгінгі таңда жүйеге кіру барлық қатысушыларға ұсынылған, платформа e-tutynushy.kz электрондық мекенжайы бойынша қол жетімді»,-дейді департамент басшысы.

Брифинг барысында Арман Ақсубаев «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға түзетулердің 2-ші пакетін әзірлеу жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

«Қазақстан тұтынушыларының бірыңғай ұлттық қауымдастығын құру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу, азаматтық қоғамды күшейту және нығайту жөніндегі бастамасы пысықталуда. Республикада тұтынушылар құқығын қорғау саласында 60-тан астам қоғамдық ұйым бар»,-деді ол.

Сонымен қатар, ол аталған стратегия тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі реформалауға және жаңғыртуға бағытталғанын, бұл тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға және тиісінше қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететінін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар