Алматыда тұтынушылардың 30,7 пайызы өз құқықтарын білмейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Тұтынушылардың арасында жүргізілген сауалнама барысында олардың 30,7 пайызы өз құқықтарын білмейтіндігі белгілі болды. Бұл туралы қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің баспасөз хатшысы Нұрбол Жұмабеков мәлім етті.

«Құқығы бұзылған жағдайда сұралған 626 адамның ішінде 259 адам (41%) сауда нысанының әкімшілігіне жүгінетіндігін білдірген. Ал 175 адам (27,9%) құқық қорғау органдарына шағымданады. 192 тұтынушы, (30,7%) өздерінің құқықтарын білмейтіндіктен, ешқайда шағымданбайтындарын жеткізген. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - дейді ол.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, 707 тұтынушының ішінде 408 адам (57,7%) - базарларда, 266 (37,6%) адам - дүкендерде, 33 тұтынушы (4,7%) жайма базарда сауда жасайды.

«Күмәнді тауарды қайдан алдыңыз?» деген сауалға жауап берген 351 адамның ішінде 180-і (51,3%) базардан, 84 адам (23,9%) дүкеннен, 87 адам (24,8%) жайма базардан алғанын айтқан.

Соңғы жаңалықтар