Алматыда тұрмысы төмен 40 отбасының үйіне улы газды анықтайтын датчик орнатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Арман Байгелов онлайн брифинг барысында жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арман Байгеловтың айтуынша, 2020 жылдың басынан бері Алматы қаласының жеке тұрғын секторында 222 өрт болып,17 адам зардап шекті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6% -ға төмен.

Сонымен қатар, ол Алматыда жылыту маусымының алдында халықтың әлеуметтік осал тобы үйлерінің 100 пайызы өртке қарсы тексеруден өткенін айтты.

«Алматы қаласы бойынша қатты отынмен жылытатын 1899 тұрғын үй бар, олардың 605-і халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының баспаналары. Жылыту маусымында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Алматы қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті алдын алу шараларын жүргізуде. Өртке қарсы алдын алу көмегіне мұқтаж әлеуметтік жағынан осал топқа жататын 945 үй жеке топқа бөлінген»,– дейді Арман Байгелов.

Мамандар көмір жағып отырған 945 үйді аралап,тексеріп шықты.

«Бүгінгі таңда департамент жергілікті полиция қызметі және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, әлеуметтік осал топқа жататын 945 үйді тексерді. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен улы газды анықтайтын 40 датчик сатып алынып, орнатылды. Датчиктар әлеуметтік осал және жағдайы төмен топтағы азаматтадың үйлеріне орнатылуда», – деді спикер.

Жалпы қалада 3 жыл ішінде барлығы 1181 датчик орнатылды. Тұрмыс жағдайында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 3722 жадынама таратылды. Сондай-ақ бұрын орнатылған датчиктердің жұмысқа жарамдылығы тексерілді.


Соңғы жаңалықтар