Алматыда тұрмыстық зомбылықтан жапа шеккен 3 мыңнан астам әйел полицияға шағымданған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрмыстық зомбылықтан жапа шеккен 3 мыңнан астам әйел полицияға шағымданған, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қалада 25 қараша - отбасы құндылықтары күніне орай «Бақытты отбасы - бақытты ел» акциясы өтеді. Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері күйеуінің тепкісін көрген келіншектерден 3 120 арыз түскен. 475 адам психологиялық қысым жасағы үшін әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ 2 291 адамға ескерту жарияланып, 15 қылмыстық іс қозғалды. «Мұндай шараны өткізу арқылы біз ең алдымен әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу үшін не жасалып жатқанын көрсеткіміз, ана мен баланы қорғап, отбасылық құндылықтарды бірінші орынға шығаратынымызды білдіргіміз келді», - деді қалалық ІІД өкілі Майя Тоқсанова. Шара аясында флешмобтар, полицейлердің отбасыларымен тақырыптық кездеулер өткізіледі. Оған қаладағы барлық дағдарыс орталықтарының өкілдері, «Подруги», «Родник», «Забота» қоғамдарының өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар