Алматыда тұрмыстық техника дүкенінің ғимараты жанып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрмыстық техника дүкені мен банктің бөлімшесі орналасқан ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақсай шағын ауданының тұрғындары Әуезов ауданы, Ақсай-4 шағын ауданы, 30-үйден түтін шыққанын байқаған. Мұнда тұрмыстық техника дүкені мен банктің бөлімшесі орналасқан.

«Анықталғандай, ғимараттың жертөлесінде (қойма) тұрмыстық техниканың бос картон ыдыстары жанған. Өрт 21:50-де ауыздықталып, 22:10-да сөндірілді. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Ешкім зардап шекпеді», - деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Соңғы жаңалықтар