Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтардан отын өндіретін зауыт салынбақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2030 жылға дейін тұрмыстық қатты қалдықтардан отын өндіретін зауыт салынбақ. Бұл туралы Ерболат Досаев Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және кәдеге жаратудың бірыңғай жүйесін құру қажет. Оның маңызды бөліктері – 2 жаңа қоқыс тиеу станциясы, полигон, сондай-ақ өңдеу зауыты болады. 2030 жылға дейін қалдықтардан отын өндіру зауытын салу жоспарланып отыр және қоқысты бөлек жинауды 10%-ға дейін жеткіземіз», - деді Алматы әкімі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, осы мәселеге байланысты қалалықтардың да ұсынысы назарға алынады.

«Қала тұрғындары қоқысты бөлек жинау, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және экомәдениетті дамыту мәселелерін жиі көтеріп, ұсыныс білдіреді. Бұл ұсыныстардың барлығы егжей-тегжейлі қарастырылып, қаланы дамыту жоспарын одан әрі әзірлеу кезінде ескерілетін болады», - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда жылына 1 млн шетелдік турист қабылдауға жоспар құрылды.



Соңғы жаңалықтар