Алматыда Түркия мен Қазақстан арасында экономикалық контрабандамен айналысқан топ ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түркия мен Қазақстан арасында экономикалық контрабандамен айналысқан топ ұсталды. Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында мәлім болғандай, қылмыстық топ мүшелері 2005-2013 жылдар аралығында жалған құжаттар, жеткізу келісімі, инвойстарды, экспорттық декларацияларды, сертификаттарды пайдаланып, жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып отырған. Олар кедендік органдарға жүк қабылдаушылардың жалған сенімхаттарын көрсетіп, экономикалық контрабандамен айналысып келген.

«Қазір Қазақстан Республикасының 3 азаматы мен шетелдік 3 азаматқа, кім екендігі анықталмаған бірнеше азаматқа қатысты ҚР ҚК 235 бабының 2 тармағы бойынша (бір немесе бірнеше қылмыстарды жасау үшін ұйымдасқан топ құру және басқару) қылмыстық іс қозғалды. Алматы қалалық қаржы полициясы аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар