Алматыда түркі әлемінің музыкасын зерттеуге халықаралық мамандар жиналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Түркі әлемінің музыкасы» V халықаралық симпозиумы басталды.

Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Әзербайжан, Түркіменстан, Кырғызстан, Ресейден келген 20-ға жуық сарапшы түркі әлемінің мәдени мұрасындағы дыбыстың феноменін зерттемек.

«Симпозиум аясында Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясында 2 концерт өтеді. Түркологиялық музыкалық мұраны зерттеуде бұл симпозиумның мағынасы зор. Менің ойымша, бүгінгі ғылыми шара әлем музыкасын зерттеу жұмыстарына елеулі үлес қосады», - деді Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының музыкатану және композиция кафедрасының меңгерушісі Айжан Бердібай.

Айта кету керек, жиын барысында консерваторияның кітапханасы жаңа ғылыми еңбектердің көрмесін ұйымдастырады.

Соңғы жаңалықтар