Алматыда туризмнен қанша табыс түседі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының туристік әлеуетінің арқасында қала бюджетіне қанша қаржы түсіп отыр? Бұл сұраққа қаладағы қоғамдық кеңес отырысында жауап берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес мүшелері алдында қалалық Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай есеп берді.

«Туризм саласы қаланың Жалпы аймақтық өніміне 1,5% ғана үлес қосып отыр. Еліміздің ЖІӨ-де туризм саласы 1%-ды алып отыр. Ал әлемдік тәжірибеде туризм ЖІӨ-нің 10 пайызын әкеледі. Былтыр әлемде 1,2 млрд адам саяхаттаған. Бұл сандарға қарасақ, бізге әлі де көп жұмыс жасау керектігі көрініп тұр. Ұйымдасқан туризм үлесі - 20%. 2016 жылы Қазақстанға 6 млн шетелдік келген. Алматыда 400 000 шетел азаматы болса, олардың 56 мыңы ғана турист ретінде саяхаттап келген», - деді ол.

Оның айтуынша, Алматы қаласында Ресей, Иран, Қытай, Үндістан елдерінен турист тартуды қолға алмақ.

«Біз жүргізген сараптамаға сәйкес сауалнама алынған 20 мың адам Алматы қаласын жеке туристік орын деп емес, Орталық Азияны түгел қарастыратыны байқалды. Әлемдік туристік ұйымымен біріге отырып Жібек жолы» бағдарламасын жасап жатырмыз. Туристік маршрут Алматыдан басталып, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің қалаларын аралап, Алматыға қайта оралады. Басты мақсат - қызмет сапасын жақсарту», - деді Ерлан Жайлаубай.

Басқарма басшысы Алматының туристік ерекшелігін де атап өтті.

«Алматы - таза Азия немесе Еуропа қаласы емес. Ол космополиттік аймақтық симбиозы, ЮНЕСКО мұралары бар, Ұлы Жібек жолында орналасқан ерекше қала. Мұнда 30 жуық елдің ас мәзірі ұсынылады. Мұнда тау туризмі мен медициналық туризмді дамытуға бар күшімізді саламыз», - деді Е.Жайлаубай.

Айта кету керек, бұрынырақ Алматыны шетелге танытуға қанша қаржы бөлінгенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар