Алматыда туристік автобустар жаңа орыннан жөнелтілетін болады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда туристік автобустар Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының қасынан жөнелтілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөзінің хабарлауынша, биыл 6 шілдеден  бастап Алматыдан Көлсай көлдері, Шарын шатқалы және басқа да танымал бағыттарға баратын туристік автобустар Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының қасынан жүретін болады. Енді туристер Абай даңғылының бойынан Байтұрсынов көшесінің тұсындағы  оңтүстікке қарай орналасқан автобус тұрағынан сапарға шыға алады.

Сонымен қатар, «Бұрын әр жерден жолға шыққан Алакөл мен Ыстықкөлге баратын автобустар жаңа орыннан жүретін болады. Жөнелту бағытының жаңа орнын анықтау Алматы қаласының негізгі туристік операторларымен келісілді», - делінген хабарламада. 

Бұл өзгерістер қала тұрғындары мен қонақтарының қалаған жеріне  қауіпсіз және жайлы жетуін қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Соңғы жаңалықтар