Алматыда Түрік поэзиясының кеші өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ұлттық кітапхана түркия кітап бұрышында Түрік поэзиясының кеші өтті. Жыр кеші барысында 10-нан астам түрік өлеңдері мәнерлеп оқылды.

Айта кету керек, поэзия кешін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Түрксой» кафедрасы мен түркология факультеті өткізді. Жиын барысында «Түрік поэзиясы» антологиясы кітабы таныстырылды.
«Бүгін шын мәнінде көңіл толқытатын жиын. Түрік поэзия кешін ұйымдастырып отырған ҚазҰУ түркология факультетіне алғысымды айтамын. Марқұм ақын Әмірхан Балқыбек «Түркияда ақын көп, қазақтар білмейді, оларды неге таныстырмасқа?», деп Бауыржан Жақып аға екеуі айтқан болатын. Содан кеңес құрып мына кітаптың дүниеге келуіне ат салысқан болатынбыз. Бұл жай аударма емес, үлкен еңбек. Үлкен еңбек қолымызға тиіп отыр», - деді «КАТИАД» қазақ-түрік кәсіпкерлер қоғамының бас хатшысы Ахмет Аляз.

Жиынға қатысқан түрік әдебиеттанушы ғалымдары мен ақындары қазақ және түрік әдебиеті арасындағы рухани байланыс пен түрік әдебиетінің даму тарихы туралы айтып берді.
Поэзия кешіне қазақ әдебиетінің өкілдері: Исраил Сапарбай, Нұрперзент Домбай, Бауыржан Жақып, Саят Қамшыгер, Жұмаш Көкбөрі, Мархабат Шойбекова, Әлібек Шегебай қатысты.
null null null null null

Соңғы жаңалықтар