Алматыда түрік мәдени орталығының көрмесі өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Ахыска» түрік ұлттық-мәдени орталығының көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда қала тұрғындары мен қонақтары түріктердің ұлттық киімдері, тұрмыстық, зергерлік бұйымдары және салт-дәстүрімен таныса алады.

Мәдени орталықтың «Ахыска» деп аталуының өзіндік тарихи мәні бар. ХХ ғасырда Түрік месхетиндер тұрған аумақ осылай аталған. Қазір елімізде 200 мыңға жуық түрік ұлтының өкілі тұрады. Қалалық халық Ассамлеясы өкілдерінің атсалысуымен мұндай шара 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұған дейін 13 ұлттық көрме өткізілген. Жоба еліміздегі 130-дан аса этностың ұлттық және мәдени өмірін толық қамтымақ.

«Осыған дейін осетин мәдени орталығының ауған, қырым татарлары, шешен және ингуш орталықтары сияқты көрмелер ашылды. Бұл көрмеде негізінен әр халық өздерінің көне бұйымдарын әкеліп қояды»,-деді музейдің аға ғылыми қызметкері Құралай Қожаханова.

Соңғы жаңалықтар