Алматыда тұрғындары велосипедті ең көп пайдаланатын аудандар анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көбінесе Алмалы ауданының тұрғындары екі аяқты көлікпен жүргенді қалайды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі ҚҚ директоры Ирина Медникова айтты.

Алматы тұрғындарының велосипед инфрақұрылымына деген сұранысын зерттеу мақсатында өткен бірінші әлеуметтік зерттеу нәтижелері ұсынылды. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, Алмалы ауданының тұрғындары велосипедті ең көп пайдаланатыны анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл шілде айында «Вело-Алматы» ынталы тобының тапсырысы бойынша «Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қоры Қазақстандағы АҚШ-тың елшілігі грантының қаражатына Алматы қаласының 5 ауданы - Алатау, Медеу, Бостандық, Алмалы және Әуезов аудандарының 637 тұрғынының пікірін сұрастырды.

«Алмалы ауданы тұрғындарының 45 пайызы, Бостандық ауданы тұрғындарының 44 пайызы, Медеу ауданы тұрғындарының 39 пайызы, Әуезов пен Алатау аудандарының 30-32 пайызы велосипедті белсенді пайдаланады екен», - деді Ирина Медникова.

Қала тұрғындарының көбі батыс елдерінің тәжірибесін мысалға келтіре отырып, өз қалалаларында карточкалық тұрақтар, арзан және бүкіл қаланы қамтыған велосипедті жалға беру орталықтары салынуын, жаңа жол жүру ережесін қабылдауды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар