+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Алматыда тұрғындарды жүк контейнерлерін сатамын деп алдап келген алаяқ қолға түсті

2021 жылғы 24 қыркүйек 18:39
Бөлісіңіз:
Алматыда тұрғындарды жүк контейнерлерін сатамын деп алдап келген алаяқ қолға түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жүк контейнерлерін сатамын дееген желеумен тұрғындармен жалған келісімшартқа отырып, ақша алған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталды Алматыда полицейлер 8,5 келіден астам есірткі тәркіледі Ақтөбе дәмханасына «жарылғыш зат қойған» жігіт ұсталды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары аясында полицейлер контейнерлерді «сатқан» күдіктіні анықтады. Ол 26-жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

«М. есімді азамат алдау жоспарын жасап, сол бойынша әрекет еткен. Хабарландырулар беріп, келіссөздер жүргізіп, ақша алған. Сайттардың бірінде контейнерлерді төмен бағамен сататыны туралы мерзімді түрде жарнама беріп тұрған. Сатып алушы пайда болған кезде, айыпталушы онымен жалған шарттар жасасып, тауар мен жеткізу үшін жүз пайыз алдын ала төлем аудару туралы уағдаластыққа келеді. Тапсырыс берушінің қаражаты банк картасына аударылып, ақшаны алған соң, М. есімді азамат байланысқа шығуды тоқтатқан. Осыдан соң алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, жасырынған», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта бірнеше жәбірленуші анықталды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT