Алматыда тұрғындар шағымынан кейін көшедегі ескі құбырлар алынып тасталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір жылдан бері көше бойында жатқан ескі құбыр алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тозығы жеткен құбырлардың Чаплыгина көшесінде жатқанына бір жыл болды. Көше бойында 52 жеке үй бар, онда 67 отбасы тұрады және әрқайсысының балалары бар. Коммуналдық қызмет ұмытып кеткен ескі құбырлар балалардың ойнайтын жеріне айналды. Тіпті бір бала жарақат алған. Тұрығындар аудандық әкімдікке шағым түсірді.

Жетісу аудандық әкімдігінің хабарлауынша, қазір құбырларды алып тастау жұмыстары жүргізілуде. Алайда әкімдікке зардап шеккен бала туралы ешкім шағым түсірмеген.

«Құлаған бала табылмады. Шамасы бұл жазда болған оқиға. Бізге ешкім жүгінбеді», - деп хабарлады әкімдік.

Сонымен бірге шенеуніктер, құбырларды толық алып тастағанан кейін, ойын алаңын қайта қалпына келтіріп беруге уәде етті.

Соңғы жаңалықтар