Алматыда тұрғын үйлерді торуылдау күшейтілді - ІІМ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда  тыныш аудандардағы құқық бұзушылық  пен қылмысты дер кезінде анықтау мақсатында полицейлер тұрғын үйлер маңын тексеруге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   

«Жаяу торуылдауға Ұлттық Гвардия әскерилерін қосқанда бір жарым мың ішкі істер органы қызметкерлері жұмылдырылған. Бақылау жоспары  660 мекенжайға бағытталған. Жаяу жасақ екі ауысымға бөлініп жұмыс істейді. Тексеру кезінде олар кез келген заңға қайшы әрекетке назар аударады. Сондай-ақ көлік тұрағын қадағалап, үй айналасын аңдып жүрген күмәнді адамдардан жөн сұрайды. Құжаттары болмаған жағдайда оларды аудандық ішкі істер басқармасына жеткізеді. Тәртіп сақшылары  ізін суытпай 14 қылмысты анықтады. Нәтижесінде ішкі істер органынан  600 адам әкелінді. Олардың 29-ы жеке басын анықтау бөлімшесіне орналастырылды. Көші-қон заңын бұзып жүрген 18 шетел азаматы ұсталды. Сондай-ақ із кесушілер 700 адамды  әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олардың ішінде қоғамдық орында ішімдік ішіп,  ұсақ  бұзақылық  жасап, тұрғындардың мазасын алғандар да бар»,- деді  қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар