Алматыда тұрғын үйлер аумағы енді аудан әкімдіктері есебінен тазартылады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда тұрғын үйлердің аумағы аудан әкімдіктері есебінен тазартылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге келген тұрғынның бірі Түрксіб ауданында ойын аландары тазаланбайтынын айтты.

«Аудандық әкімдік балалар ойын алаңын тазалағысы келмейді. Аудан әкімдігі мен пәтер иелері кооперативінен келген адамдар ПИК тазалайды деп сендірді, алайда оларда қаражат жоқ. Алаңдарды тазалауға ақшамыз жетпейді», - дейді тұрғын.

«Мен сізбен келісемін. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап менің бастамам бойынша аудандарға үйішілік аумақтарды тазалауға қаражат бөлетін боламыз», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар