Алматыда тұрғын үйдің төбесіне заңсыз салынған ірі құрылыс бұзылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда тұрғын үйдің төбесіне заңсыз салынған ірі құрылыс сүрілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, сот шешімімен Құрманғазы көшесі, 145 мекенжайында орналасқан мезонин заңсыз деп танылды.

Пәтерлердің бірінің иесі тұрғын үйдің шатырына мезонин тұрғызып, қабылдау комиссиясының актісімен оны пайдалануға берген.

2021 жылдың 7 шілдесінде басқарма Алмалы ауданының сотына қабылдау комиссиясының актісін жарамсыз деп тану, құрылысты өз еркімен тану және меншік иесінің мезонинді өз есебінен бұзу міндеттемесі туралы талап арыз жолданды.

Іс бойынша сот талқылауы ұзаққа созылды, 2022 жылдың 7 желтоқсандағы қорытындысы бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды, басқарманың талаптары қанағаттандырылды.

«Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы Әділет департаментіне жіберілді. Меншік иесі өз бетінше ғимаратты бұзуға кірісті»,- деп хабарлады басқармадан.


Соңғы жаңалықтар