Алматыда тұрғын үйдің шатыры өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 5 қабатты үйдің шатыры өртенді. Тұрғын үйден 100 адам құтқарылды, оның 20-сы балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 маусым күні сағат 8:17-де қалалық ТЖД-нің «101» пультіне тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Алмалы ауданындағы Мұратбаев көшесінде орналасқан 186-үйдің шатыры өртенген.

«Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 08:43-те, яғни 5 минуттан кейін жетті. 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген. Өрт кезінде 100 адам құтқарылды, оның 20-сы балалар. Алдын ала болжам бойынша 190 шаршы метр аумақ отқа оранған. Өрт 8:43-те толықтай ауыздықталды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Өрт сөндіру жұмыстарына 42 құтқарушы мен 17 техника жұмылдырылды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.
null 

Соңғы жаңалықтар