Алматыда тұрғын үйден шыққан өрттен төрт адам құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының өрт сөндірушілері өрттен төрт адамды алып шығып, 40-тан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт бүгін, 7 желтоқсан күні таңертең Бостандық ауданына қарасты №12 Көктем ықшамауданында болған. Өрт сөндірушілер келгенде 5-тұрғын үйдің 5-қабатындағы баспалдақ алаңы қою түтінге оранып жатты. Бұл тұрғындарды сыртқа алып шығуға кедергі келтірген. Сондықтан өрт сөндірушілер үш аяқты баспалдақтар мен АЛ-37 автобаспалдақтар арқылы адамдарды терезеден шығарып алған. Төрт адам құтқарылып, 45 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Оның бесеуі балалар.

Өрт 5 қабатты үйдің 5-қабатында шығып, 30 шаршы метр аумаққа таралған.

Таңшолпан Бегалықызы

Соңғы жаңалықтар