Алматыда тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1,5 млн теңгеге дейін көбейтілді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында тұрғын үй сертификаттарының жаңа мөлшері бекітіліп, тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында мегаполисте халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды кеңейту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

«Әлеуметтік сипаттағы мәселелер Алматы әкімдігі үшін басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаевтың ұсынысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Кезекте тұрғандар қатарынан сертификат алушылар санатына келесі азаматтар жатады:

- 1 және 2 топтағы мүгедектер;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- көпбалалы отбасылар;

Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй сертификаттары Алматыда әлеуметтік тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар үшін жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасы аясында бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін қолданылады.


Соңғы жаңалықтар