Алматыда тұрақтан шығып келе жатқан жүк көлігі 1 айлық нәрестені басып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1 айлық нәрестенің өліміне себепкер болған жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға бүгін Райымбек және Розыбакиев көшелерінің қиылысында орын алған. «Фотон» маркалі жүк көлігінің жүргізушісі тұрақтан шығып келе жатқанда артқа қозғала отырып, 57 жастағы әйел адамды қағып кеткен. Жолаушының қолында құндақтаулы сәби болған.

Салдарынан 1 айлық нәресте сол жерде қайтыс болды. Ал, әйел ауыр дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Көлікті тізгіндеген 1990 жылы туған Алматы облысының тумасы қазір уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар