Алматыда түнімен жауған нөсер жаңбыр жүргізушілерді әбігерге салды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Қазгидромет» өкілдері Алматыда 15-18 тамыз аралығында жаңбыр жауатынын, ал кей жерлерде нөсер болатынын ескерткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін түнімен жауған жаңбыр көлік жүргізушілерін біраз әбігерге салды. Алматыдағы кейбір көпір астындағы жолдар жаңбыр суына толып қалды. Соның салдарынан кептелістер болып алып, көліктер су ішінде өшіп қалған, олар оталмай жатыр.

Қазір жауын тоқтады. Алайда, синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері тағы да жаңбыр жауады.

Соңғы жаңалықтар