+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Алматыда түнгі нөсер салдарынан кейбір үйлер су астында қалды

2019 жылғы 15 тамыз 14:31
Бөлісіңіз:
Алматыда түнгі нөсер салдарынан кейбір үйлер су астында қалды

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Алматыда 15 тамызда жауған жаңбыр салдарынан қала аудандарындағы кейбір жеке тұрғын үйлер, іргелес жатқан аулалар, жертөлелер мен көлік қиылыстары су астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Риддер қаласында құбыр жарылып, каналдағы су деңгейі көтерілді АҚШ-та дүкен тоналғаннан кейін атыс болып, төрт адам ажал құшты Ақмола облысындағы астық қоймасында бетон плита құлап, жұмысшы мерт болды

Алматы құтқару қызметіндегі «109» нөміріне тұрғындардан қоңыраулар таңертеңгі сағат 04: 31-де түсе бастады. Барлығы 13 шағым түсті. Құтқарушылар негізінен Алатау аймағындағы мекенжайларға аттанды. Онда су басу қаупі болды. Ақбұлақ ықшамауданындағы Бейсекбаева көшесіндегі су сору жұмысы қазір аяқталды. Мұнда төрт жеке тұрғын үйді жаңбыр суы басқан.

Самади, Нұрпейісов және Сухе-Батор көше тұрғындарынан «109» нөміріне қоңыраулар көптеп түскен. Тұрғындар ауланы, жертөлені және жеке тұрғын үйлерді су басқандығы туралы шағымданған. Бұл мекенжайлар бойынша Алатау ауданының мердігерлер компаниялары жұмыс істеді.



Әуезов ауданында Райымбек даңғылы мен Саин көшесінің қиылысы да жаңбыр суының астында қалды. Су басу зардаптарын аудан әкімшілігі және «Алматы Су» коммуналдық қызметі бірлесіп жойды.

Құтқару жұмыстарына Алматы қалалық құтқару қызметінің 9 қызметкері, 2 техника және 4 су сорғыш мотор жұмылдырылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Ауа райы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT