Алматыда түнгі клубтың жанында жаппай төбелес болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда түнгі клубтың алдында жаппай төбелес болды. Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Абай көшесіндегі түнгі клубтың жанында болған. Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше «102» пультіне және құқық қорғау органына аталған факт бойынша ешкімнің хабараласпағанын айтты. Төбелес туралы әлеуметтік желілерден білген.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады»– деп хабарлады полициядан.


Соңғы жаңалықтар