Алматыда түнгі клубқа кеткен 21 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 21 жастағы жігіт түнгі клубқа кеткеннен үйіне қайтып оралмаған. Айбек Қаниевті туыстары екі күннен бері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баласының жоғалғаны туралы әкесі Мұрат Құндақбаев Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Жас жігітті соңғы рет достары 24 ақпанда «Black Hole Bar» барында таңғы 4:00-де көрген. Содан жігіт үйіне қайтып келмеген. Телефоны екі күннен бері өшіп тұр.

Айбек үстіне қара күрте, кроссовка, джинсы киіп жүрген.

Оның туыстары полицияға арызданды.

null

Соңғы жаңалықтар