Алматыда түнде жаппай төбелес болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бір топ жас түнде Алматының қақ ортасында төбелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Желтоқсан көшесіндегі караоке-бардың жанында болған. Оның видеосы желіде жарияланды.

Алматы қаласының полиция департаменті видео әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде табылғанын мәлімдеді. Ол туралы бұрын ешкім полицияға жүгінбеген, «102» пультіне хабарлама түспеген.

«Видео жарияланған соң Бостандық ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы, оған қатысқандар анықталды, фигуранттардың әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі, одан әрі ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады», - деді полициядан.

Соңғы жаңалықтар