Алматыда тұмауға қарсы вакциналау жұмыстары ертерек басталды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының тұрғындарын тұмауға қарсы әдеттегідей қазан айында емес, қыркүйек айынан вакциналау басталып кетті. Оның себебін қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, күз келіп, күн салқындауымен Алматыда эпидемиологиялық мезгіл басталады.

«Алматыда эпидмезгіл басталуына байланысты бұрынғыдай қазан айынан емес, енді қыркүйек айынан бастап вакцина алуға болады. Бұл мүмкіндікті неге пайдаланбасқа? Сол себепті алматылықтар вакиналануды қыркүйек айынан бастап кетті. Оның үстіне бізде қазір тұмауға қарсы иммунитетті қалыптастыруға жеткілікті уақыт бар», - деді спикер.

Ол сондай-ақ алдағы уақытта қалада тұмау вирусымен қатар КВИ-дың айналымы болуы мүмкін деген болжам бар екенін айтты.

«Коронавирусқа қарсы вакциналануды жалғастыру қажет. Ол қажет және вакциналар «өліп қалғандықтан» олардың арасындағы уақыт аралығын сақтау қажет емес. Яғни, оларды денеге егуге болады», - деді Әсел Қалықова.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда тұмауға қарсы вакцинаның 200 мыңнан астам дозасы сатып алынды. Тегін вакцина бірінші кезекте қарттар мен жүкті әйелдерге, диспансерлерде ем қабылдайтын жандарға беріледі.

Сондай-ақ балалар үйі мен мектеп-интернаттарына да тегін таратылады.


Соңғы жаңалықтар