Алматыда тұмау мен ЖРВИ-ға шалдығу азайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өткен аптада Алматыда жіті респираторлық вирусты инфекцияның 3099 жағдайы тіркелді, бұл наурыз айының соңымен салыстырғанда 3,76 пайызға төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына қарағанда, жіті респираторлық вирусты инфекцияны жұқтырғандардың 66,9 пайызы балалар. Ауруханаға барлығы 286 науқас жатқызылды, оның ішінде 11-і жүкті әйел, 89-ы бір жасқа дейінгі нәресте.

«Ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғалы тұмаудың 51 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, қалада респираторлық синцитиальды вирус, аденовирус, риновирус және коронавирус сияқты тұмауға жатпайтын басқа ЖРВИ вирустары айналымда», - деп хабарлады ведомствадан.

2021 жылы жергілікті әкімшіліктің қаражатына ерекше топтағы адамдарды тұмауға қарсы егуге 170 926 доза «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды.

Еске салайық, қалада екпе салу маусымы 15 қыркүйекте басталды. Тұмауға қарсы вакцинаны 184 мыңнан астам адам алды. Оның ішінде жекеменшік медициналық орталықтарда жұмыс берушілер есебінен 10 260 адам, өз қаражаты есебінен 2 973 адам егілді.


Соңғы жаңалықтар