Алматыда тұман салдарынан 9 рейс кешіктірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық əуежайында ауа райының қолайсыздығынан 9 əуе рейсі бөгелді. Бұл туралы əуежайдың онлайн- таблосында көрсетілген.

Алматыдан Қызылорда, Ыстамбұл қалаларына ұшатын рейстер кешігіп жатыр. Астана мен Үрімжі қалаларына бағытталған рейстер бөгелді. Қалың тұманның салдарынан Алматы-Тараз рейсі кейін қайтарылды.

Əуежайға уақытынан кешігіп жеткен Атырау, Орал, Шымкент, Ақтау, Қостанай, Стамбул, Дели қалаларына ұшатын рейстердің ұшу кестесі бұзылды.

Орал, Қызылорда, Үрімжіден келетін ұшақтар бөгелді.

Астана (5), Ақтөбе, Шымкент қалаларынан, халқаралық Дубай, Бішкек, Ницца, Мəскеу, Минск рейстері кешігіп жетті.

Қалада қазір қалың тұман. Ауа температурасы +3 градус болды.

Соңғы жаңалықтар