Алматыда тұқым қуалайтын жүйке-бұлшықет ауруларының алдын алу мәселесі талқыланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында «Орфандық жүйке-бұлшықет патологиясы бар пациенттерді желдетіп вентиляциялық қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинар тек оқыту, емдеуге ғана емес, сонымен қатар науқастарды оңалтуға да арналды.

Анестезиолог-реаниматолог, балалар неврологы мен пульмонолог дәрігерлерге арналған семинар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Жүйке-бұлшықет ауруларының көпсалалы құзыреттілік орталығы, Астана медицина университеті, Қазақстан-Ресей медициналық университеті, №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы, «Өмірге Сен» қоғамдық қоры және «Балалар неврологтары, нейрофизиологтар, психиатрлар мен психотерапевтер» қоғамымен бірігіп ұйымдастырлды.

Ресейден арнайы Морозов атындағы балалар клиникалық ауруханасының анестезиология және реанимация жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, Александр Николишин шақыртылды.

Ол Қазақстан және Ресей дәрігерлері біздің медицинаның жоғары технологиялар мен заманауи көмек көрсету әдістеріне қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын атап өтті.

Тұқым қуалайтын жүйке-бұлшықет аурулары (ТҚЖБА) генетикалық аурулардың үлкен тобы. Олар асқынуларымен қауіпті, науқастарда өмір сүру сапасы мен ұзақтығы төмендейді, өлім деңгейі жоғары.

Сондықтан мұндай пациенттерді басқарудың ең тиімді әдісі мультидисциплинарлық қолдау болып табылады. Тыныс алуды қамтамасыз ету – ТҚЖБА бар науқастарды емдеу мен оңалтудың негізгі бағыттарының бірі.

Семинарды барысында отандық мамандар, пульмонологтар теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларға ие болды.

Әрбір сессия пікірталас және талқылаумен өтті, ең бастысы, дәрігерлер жұлын бұлшықетінің атрофиясы бар пациенттың мысалында тыныс алуды қолдау және қосалқы желдету аппаратын қолданды.


Соңғы жаңалықтар