+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда тротуармен жүрген көлік жүргізуші жазаланды

2021 жылғы 26 қазан 14:53
Бөлісіңіз:
Алматыда тротуармен жүрген көлік жүргізуші жазаланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда паркте тротуармен жүрген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі  өзгерді - ҚТЖ Алматыда жаңа 190 троллейбус сатып алынады Алматыда 2 мыңнан аса қоғамдық көлік жүреді

Полиция қызметкерлері тексеру жүргізді.

«Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы анықталды. Ол ӘҚБтК 596 бабының 1-бөлігінде «Жол жүру ережелерін бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру» бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Айта кетейік, Алматы облысында адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр. Белгісіз көлік Талғар қаласының Менделеев көшесімен келе жатып, 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ауыр жарақат алған жәбірленуші сол жерде көз жұмды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT