Алматыда троллейбустың астына түсіп қалған қарияның жағдайы өте ауыр - дәрігерлер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері троллейбустың астына түсіп қалған қарияның жағдайы туралы айтып берді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол қазір №12 орталық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Мамандар қарияның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Ол тізесінен ауыр жараланып, өте көп қан жоғалтқан.

Қайғылы оқиға бүгін болды. Жолаушыларды аялдамаға түсірген №12 маршрут троллейбусы орнынан қозғала бергенде қария секіріп кеткен.

«Троллейбус жүргізушісі қазір куәлік етуге қалалық полицей учаскесіне жеткізілді. Егер апат жүргізушінің кесірінен болғаны анықталса, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жапа шегушіге келтірілген залалдың барлығын өтеуге мәжбүрленеді. Олай болмаған жағдайда сақтандыру компаниялары арқылы өтеледі», - деді «Green Bus» ЖШС бас директоры Бауыржан Құлышев.

Оның айтуынша, троллейбус жүргізушісі темір көлікті 5 жылдан бері мүлтіксіз жүргізіп келеді екен. Жүргізуші осы уақытқа дейін бір ескерту алып көрген емес.

Соңғы жаңалықтар