Алматыда троллейбустар тоқтап тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай көшесінде троллейбус кептелісі пайда болды. Өтеген батыр көшесіне жетпей 10-15 троллейбус бірінің артынан бірі тізіліп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Төтенше жағдайға байланысты Green Bus директоры Бауыржан Кулишевке хабарластық.

«Троллейбус жолы 1 сағатқа тоқтатылды. Өйткені, контакт желісінің көлденең және бойлық тростары үзіліп кеткен. Бұл апатты қалпына келтіру үшін 2 бригада жұмыс істеп жатыр. Электр қызметі де оқиға  орнында желіні жөндеуде», - деді Бауыржан Кулишев.

null Оның айтуынша, шамамен бір сағаттан соң троллейбустар штаттық режимде жолаушылар тасымалдауға кіріседі.

Соңғы жаңалықтар