Алматыда троллейбусқа жабысып алған адам жауапсыз қалмайды - полиция

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда троллейбустың артқы бөлігіне жабысып алған адам көпшілікті таңқалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео Іnstagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған.

Полиция бұл дерекке қатысты түсініктеме берді.

«Мұндай әрекеттер - жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу саналады. Ол құқықбұзушының өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді. Бұл – дұрыс тенденция емес. Полиция ондай басбұзарлыққа жол беріп қоя алмайды. Жақын арада осы дерек бойынша шара қабылданып, экстремал жауапкершілікке тартылады», - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Біз осыған дейін Алматы тұрғыны автобустың артқы жағына жармасып жүргенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар