Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиғаға қатысты Almaty Electrotrans компаниясы түсініктеме берді.

«Көлік апаты 21 тамызда сағат 14:50 шамасында болған. Троллейбус жүргізушісі рульді дұрыс басқара алмай, жерасты өткелінің қабырғасына барып соғылған. Бұл факт тіркеліп, тергеліп жатыр», - деді компания.

Желі қолданушысы көлік оқиғасынан зардап шеккен адамдар бар екені туралы жазды.


Соңғы жаңалықтар