Алматыда троллейбус жерасты өткеліне соғылды: зардап шеккендердің саны анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жерасты өткеліне соғылған троллейбусқа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнынан жеті адам емес, төрт адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

«Тексеруден кейін олардың үшеуі бекітілген жердегі емханаға амбулаторлық емделуге жіберілді. Жарақат алғандардың бірі мамандандырылған бөлімге жатқызылды», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салайық, 21 тамыз күні шамамен сағат 14:50-де Байзақов көшесінен кейін, батыс бағытында Абай даңғылының бойында жол-көлік оқиғасы орын алды. БН 1240 троллейбусының жүргізушісі қысқа ғана уақыттың ішінде өзін жайсыз сезініп, соның салдарынан рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан қоғамдық көлік өткелінің қабырғасына соғылған.

Бұл факті полиция департаментінде тіркелген, мән-жайды анықтау іс-шаралары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар