Алматыда троллейбус желілерін жаңарту 2021 жылдың аяғында аяқталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қолданыстағы троллейбус желілерін жаңарту жоспарлануда. Бұл жұмыстар 2021 жылдың аяғында аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« Алматыдағы троллейбус желілерін жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. Биыл біз қажетті материалдарды сатып аламыз. Алдын ала бәрін дайындап қоямыз, сонда келесі жылы жұмыс жоспарға сәйкес жүреді. 2021 жылдың соңына дейін желілерді жаңарту жұмыстары толықтай жүзеге асырылады», - деді «АлматыЭлектроТранс » ЖШС бас директоры Ғани Тәжиев баспасөз мәслихатында.

Жобаның жалпы құны - 9,6 млрд теңге. Спикердің айтуынша, желіні жөндеу жұмыстары түнде жүргізілетін болғандықтан троллейбустардың қозғалысына әсер етпейді.

Қазір Алматыда 195 троллейбус бар.




Соңғы жаңалықтар