Алматыда троллейбус желілері жаңартылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы троллейбус жолының байланыс-кабельдік желілерін реконструкциялау бойынша ауқымды жобаны әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хатта жоба жүзеге асса, троллейбус рейстерінің саны көбейеді делінген.

Алматы троллейбусының тарихы 1944 жылдан басталады. Содан бері жылжымалы құрам жаңартылып, жаңа желілер ашылды. Қала инфрақұрылымы мен тұрғындардың саны жылдам өсіп жатыр. Халықтың қажеттілігіне сай  бүгінгі байланыс-кабельдік желілері троллейбустарды желілерге шығаруды толық қамтамасыз ете алмайды.

«Троллейбус рейстерінің барлық проблемасы тозығы жеткен желілердің себебінен болып отыр. Күн сайын троллейбус жүргізушісінің көліктен шығып, сымын қолымен желіге салып жүргенін көріп жүрміз. Бұл жолаушының уақытын алумен қоса, жүргізушінің өміріне қауіп төндіреді. Оның үстіне, қолданыстағы байланыс-кабель желісінің стандартты кернеуі жылжымалы құрамның желіге шығу санын шектейді. Желіні жаңарту жұмысы маршруттың тұрақты қатынауын кемінде екі есеге жақсартады», - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов.

Жаңарту жұмыстары барысында 172,62 км байланыс желісі жөнделіп, 529 байланыс желісінің тіректер мен оқшауланған аспалы жүйелер, бойлық көтергіш арқаны мен троллейбустың байланыстырғыш сымдары ауыстырылады. 39,81 км қашықтыққа АСБ кабельдері тартылады.

Хатта көрсетілгендей троллейбус желілерін жаңарту жұмысына көшелерді, тротуарлар мен көгалдарды қалпына келтіріп, троллейбус жолдарын жарықтандыру сапасын жақсарту да кіреді. Жоспарды жүзеге асыру 2019 жылы басталады.

Таңшолпан Бегалықызы

Соңғы жаңалықтар