Алматыда троллейбус сымына ілініп қалған жігітті тоқ соқты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда троллейбус сымына ілініп қалған жігітті тоқ соқты. 23 жастағы жігіт бағдаршамның бағанына ілініп жұмыс істеп жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ер адам қазір хал үстінде жатыр.

Оқыс оқиға Абай және Манас көшелерінің қиылысында  болған. Куәгерлердің айтуынша, жігіт бағдаршам бағанына шығып алып жұмыс істеп тұрған.

Кенеттен абайсызда қасынан өтіп бара жатқан троллейбустың сымына ілініп қалған. Оқиға салдарынан жігітті тоқ соқты.

Шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлері жігітті дереу №12 ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер жігітті жан сақтау бөліміне жатқызды.

«Қазір науқастың жағдайы өте ауыр. Оның өмірін сақтап қалу үшін косилиум жиналды. Мамандар барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Көп жағдайда троллейбустың контактілік желісінде электр кернеуі 600 вольтке тең болатындығын айта кету керек.

Айта кету керек, былтыр Алматыда жауын кезінде үш адамды көшеде тоқ ұрған болатын.

Соңғы жаңалықтар