Алматыда троллейбус сымы іліп кеткен жігіттің жағдайы жақсарып келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшесінде бағдаршам жөндеймін деп тоққа түскен 23 жастағы жігіттің жағдайы жақсарып келеді. Оның палатаға ауыстырылғанын  қаладағы орталық клиникалық ауруханадан мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол жансақтау бөлімінде бір күн жатты. Науқасқа емдік процедуралар жасалғаннан кейін жағдайы жақсарды. Сосын травматология бөліміне ауыстырдық. Тек денесінде құлаған кезде алған жарақат іздері қалған. Апта соңына дейін оны үйіне шығарамыз», - деді ауруханадан.

Еске сала кетсек, 1 маусым күні  Абай мен Манас көшелерінің қиылысында  23 жастағы жігіт бағдаршам бағанына мініп, жұмыс істеп жатқан. Сол кезде коммуналдық қызмет жұмысшысы өтіп бара жатқан троллейбус сымына ілініп қалып, оны қатты тоқ соққан еді. Жарақат алған жігіт қаладағы орталық клиникалық  аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

Соңғы жаңалықтар